Бибісара Асаубаева жыл турнирінде жеңіске жетіп, кестенің көшін бастады

Фото: fide.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
555

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қытайлық Чжу Цзиньэрді жеңіп, үміткерлер турнирінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлады  MadeniPortal.kz FIDE баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үшінші турда блиц бойынша әлем чемпионы 43 жүрісте Цзиньэрді ұтып шықты. Айта кетейік, ол биыл Гран-при жеңімпазы атанған болатын. Бибісара турнирде жеңіске жеткен алғашқы шахматшы болды — бұған дейінгі барлық партиялар тең нәтижемен аяқталған еді.

Кейінірек ресейлік Екатерина Ланго да жеңіске жетіп, енді Бибісара онымен бірге турнирлік кестенің бірінші орнын бөлісіп тұр — екеуінде де екі ұпайдан бар. Еске сала кетейік, үміткерлер турнирі — шахмат әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі. Онда жеңіске жеткен ойыншы қазіргі әлем чемпионымен титул үшін матч өткізу құқығына ие болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдай Ақмола облысы Целиноград ауданындағы суға толы карьерлердің бірінде болған. Отбасылық...

СПОРТ

Оңтүстік Африка футбол қауымдастығы қайғылы хабардан есеңгіреп қалды. Оңтүстік Африка құрамасы мен &...