Бишімбаевтың әкесі қатерлі ісікке шалдықты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
667

Бишімбаевтың әкесі қатерлі ісікке шалдықты. Бұл туралы экс-министрдің анасы Астанада өтіп жатқан сот отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол оқиғаның 2023 жылдың 9 қарашасында болғанын айтты.

«2023 жылдың 9 қарашасында мен жолдасыммен үйде болдым. Сол күн біздің өміріміздегі ең ауыр күн болды. Жолдасымның жағдайы күрт нашарлап, бірнеше рет жедел жәрдем шақырдық. Алайда олар көмектен бас тартты. Жолдасым онкологиялық аурумен ауырады, жүрегі де сыр берді. Бұл жағдайдың неден болғанын бүгінге дейін түсіне алмай келеміз», – деп мәлімдеді Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова.

Айта кетейік, Астанада алаяқтық ісі бойынша сот өтіп жатыр. Істе бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың туыстарының есімдері аталды. Прокурордың мәліметінше, сотталушы Бекзат Кемелова (Альмира Нұрлыбекованың абысыны) Бишімбаевтың анасында 990 мың доллар бар екенін біліп, ұлына қатысты тергеу жүріп жатқанын, оның күйзеліске түскен сәтін пайдаланып, иемденіп кеткен.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...