“Ақын тентек болуы керек”: Танымал актер Мақсат Ақановты қорғап шықты

Фото: sn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
228

Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, айтыскер ақын Мақсат Ақанов оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол ақынға орынсыз тиісіп, ауыр сөз айтпауға шақырды.

Актер өз сөзінде ақынның бір қателігі үшін оны жаппай сынаудың қажеті жоқ екенін айтып, Мақсат Ақановқа қолдау білдірді.

«Ақынға тиіспеңдер! Ақын тентек болуы керек. Ақын бауырым бір сүрініп еді, жалынан алып жамбасына дейін жыртып жатырсыздар. Мақсат, сен сүріндім деп ойлама. Сен кімнің кім екенін осы күндері біліп алдың», – деді Алмат Сақатов.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Мақсат Ақановтың айтыс кезінде айтқан сөздері түсірілген видеолар тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Бейнежазбалардан кейін ақынға қатысты түрлі пікірлер айтылып, желіде қызу пікірталас өрбіген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысындағы Ақтау – Бейнеу республикалық тасжолында екі Toyota Camry көлігі соқтығыс...

Шоу-бизнес

Актер әрі әуесқой жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар інісіне қымбат көлігін сыйға тартты, деп хабарла...