1 шілдеден бастап газ бағасы 33% қымбаттайды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
639

1 шілдеден бастап газ бағасы 33% қымбаттайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мұны Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты.

Оның сөзінше, соңғы айларда газ өндіру азайғанымен, баға өскен жоқ.  Ал газ өндіру көлемінің азаюына Теңіз кен орнындағы техникалық ақау себеп болған. Десе де бұл халықты газбен қамтуға әсер еткен жоқ дейді. Себебі ұлттық оператор QazaqGaz тұтынуды транзиттік газ есебінен қамтамасыз еткен.

Министрлік мәліметінше, газ бағасының өсуіне алдағы жылыту маусымына дайындалу және ескірген газ желілерін жаңарту себеп.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жаңбыр мен қа...

Әлем

Үндістанда мерекені туыстарымен бірге қарсы алуға жолға шыққан ерлі-зайыпты мен олардың екі баласы ж...