Шымкентте 21 жастағы студент қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
614

Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен күдікті ұсталды. Ақпаратты полиция растады, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта қаланың 28 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкенттің 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Қалаға кіреберіс пен шығаберісте бақылау күшейтіліп, аумақты түгел тексеру жүргізілді. Күдікті қала сыртындағы ашық жерде, қаладан шамамен 10 шақырым қашықтықта табылып, ұсталды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін күдіктінің марқұмның танысы екені анықталған. Қылмыстың себептері мен мән-жайын тергеу анықтайды.

MADENI TV

Алматы қаласында ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов есімін қала көшелерінің біріне беру тур...

АЙМАҚТАР

Қазақстанда 25–27 сәуір күндері ауа райы күрт құбылып, бірқатар өңірде жаңбыр, қар аралас жауы...