БҚО тұрғыны туған анасының үйі мен жер учаскесін мәжбүрлі түрде тартып алмақ болған

Фото: 7kun.kz

Жаңалықтар
272

Батыс Қазақстан облысында сот 76 жастағы азаматша Т.-ның тұрғын үйі мен жер учаскесін сыйға тарту келісім-шартын жарамсыз деп танып, оның құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сотқа Т. есімді зейнеткер үйді сыйға тарту туралы келісім-шартты жарамсыз деп тану үшін жүгінген. Тергеу барысында оның ауыр жағдайға қарамастан, келісімге мәжбүр болғаны анықталды. 

2024 жылы Т. өкпе пневмониясы, ми қан айналымының бұзылуы және басқа да ауыр диагноздармен аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан. Осы кезде қызы А.-ның талабымен әйел ауруханадан бейсаналық күйде шығарылып, Астана қаласына жеткізілген. 

Қызы осы жағдайды пайдаланып, Т.-ның жалғыз тұрғын үйін кәмелетке толмаған ұлына сыйға тарту келісімін рәсімдеген. Нәтижесінде, Т. өзінің үйі мен жер учаскесінен айырылған. 

«Сот талқылауы барысында келесі деректер негізге алынды: Т.-ның денсаулық жағдайы ауыр болған, ол келісім-шарт жасалған сәтте өзінің іс-әрекетін түсінуге қабілетсіз еді; жауапкерлер Т.-ның денсаулық жағдайын пайдаланып, оның еркінен тыс әрекет еткен; бұл келісім Т.-ның меншік құқығын өрескел бұзды», - делінген хабарламада.

Сот азаматша Т.-ның пайдасына шешім шығарып, тұрғын үй мен жер учаскесін қайтаруға қаулы етті. 

Жаңалықтар

Нью-Йорк метросында мемлекет ішінде заңсыз жүрген иммигрант әйелді тірідей өртеп жіберді, деп хабарл...

Жаңалықтар

Қазақ-өзбек шекарасында мұнай контрабандасына арналған 450 метрлік туннель анықталды, деп хабарлайды...