Ресейдің Алтай Республикасында екі қазақстандық қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
169

Ресейдің Алтай Республикасында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстанның екі азаматы қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Avensis көлігін тізгіндеген 31 жастағы әйел қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Жергілікті полицияның хабарлауынша, оның жүргізуші куәлігі болмаған және көлікті мас күйде басқарған.

Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet Nexia автокөлігімен бетпе-бет соқтығыс болды. Chevrolet Nexia көлігін басқарған 40 жастағы Қазақстан азаматы мен оның жанындағы 44 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Апат кезінде көлікте болған Қазақстанның тағы үш азаматы — 63 жастағы екі ер адам мен 13 жастағы қыз бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Ал жол апатына себеп болды деген күдікке ілінген әйел жеңіл жарақат алған. Оқиғаның барлық мән-жайын Ресейдің құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде немересі Мәликаның сұрақтарына шынайы әрі әсерлі жауаптарымен, қарапайым мінезі ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлмира Әбіқайға Алматы облысындағы ауылдардың бірінен бір әйел хабарласқан, деп хабарлайды MadeniPo...