Атақты актер Асанәлі Әшімов өмірден өтті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
3498

Қаралы хабарды ақын Маралтай Райымбекұлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.

"Ақ туың жығылды ғой, Алашым-оу!", -  деп жазды Маралтай Райымбекұлы.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов — кеңестік және қазақстандық кино мен театр өнерінің көрнекті өкілі, актерлік шеберлігімен ғана емес, режиссерлік, педагогикалық еңбегімен де ел мәдениетінде айрықша орны бар тұлға. Ол 1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген.

Өнер иесінің шығармашылық жолы қазақ театры мен киносының дамуына тікелей ықпал етті. Асанәлі Әшімов ұзақ жылдар бойы сахнада да, экранда да сан қырлы образдар жасап, көрермен ықыласына бөленді. Оның актерлік мектебі — шынайылық пен терең психологиялық талдауға негізделген ерекше құбылыс. Сонымен қатар ол кино және театр режиссері ретінде де өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды.

Асанәлі Әшімов — театр педагогы, профессор. Ол жас буынға өнердің қыр-сырын үйретіп, актерлік дәстүрдің үзілмей жалғасуына еңбек сіңірді. 

Өнердегі еңбегі жоғары бағаланған Әшімовке 1976 жылы «Қазақ КСР халық әртісі», ал 1980 жылы «КСРО халық әртісі» атағы берілді. Сондай-ақ ол Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының (1973) және КСРО мемлекеттік сыйлығының (1974) лауреаты атанды. 2017 жылы Асанәлі Әшімовке елдің ең жоғары марапаттарының бірі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы тапсырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...