Төтенше жағдай жарияланды: Табиғи апаттан үйлер қирап, адамдар қаза тапты

Фото: Reuters

ЖАҢАЛЫҚТАР
2573

АҚШ болған табиғи апаттан кемінде 33 адам қаза тауып, ондаған тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды madeniportal.kz BBC-ге сілтеме жасап. 

 

Қазір Американың орталық және оңтүстік аймақтарында соққан қатты құйынның (торнадо) салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең көп зардап шеккен Миссури штаты болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, онда дүлей дауыл 12 адамның өмірін қиған.

Сондай-ақ табиғат апатынан Оклахома, Теннесси, Арканзас, Техас және Джорджия штаттары да орасан зор зардап шекті. Ғимараттар қирап, жолдағы көліктер аунап, электр желілері үзілген.

Арканзас пен Джорджияда қайталап соғуы ықтимал дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Оклахоманың кейбір аудандарында эвакуация жүргізілді. Бұл штатта 130-дан астам өрт болып, 300-ге жуық үй тілсіз жаудан зиян шеккен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда келінінен таяқ жеген әйелдің жағдайын адвокат Тлеужан Кішкенбаев айтып берді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Елордадағы Сарайшы...