Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
497

Қазақстанда 5 қыркүйекте ауа райы негізінен құрғақ әрі жылы болады. «Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым аймағының ықпалында болады. Сондықтан көп өңірде жауын-шашынсыз, бұлтсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дегенмен Қазақстанның батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Жекелеген аудандарда жел күшейеді.

Күндіз ауа температурасы:

  • батыс, солтүстік және орталық өңірлерде +25…+33°C;
  • шығыста +20…+25°C;
  • оңтүстікте +28…+37°C;
  • оңтүстік-шығыста +20…+30°C болады.

Ал оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күндіз ауа температурасы +10…+20°C шамасында сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер жалғасады.

Алматыда 5 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді.

Астанада да жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +8…+10°C, күндіз +27…+29°Cдейін жылынады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...