Демалыс күндері елде ауа райы құбылады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
246

«Қазгидрометтің» болжамынша, 14-16 қараша күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

15 қарашада еліміздің батысында жаңбыр, 16 қарашада БҚО-да қатты жауын-шашын жауады.

Өңірлер бойынша ауа температурасы:

Батыс: Түнде +2...+8°С-тан +6...+11°С-қа дейін жылынады, 16 қарашада -2...+3°С-қа дейін төмендейді. Күндіз +8...+13°С-тан +1...+8°С-қа дейін суытады.

Солтүстік: Түнде -5...+2°С, күндіз -2...+3°С-тан 0...+5°С-қа дейін жылынады.

Орталық: Түнде -2...-10°С, күндіз -3...+5°С.

Шығыс: Түнде -1...-8°С-тан -6...-13°С-қа дейін төмендейді. Күндіз -5...+3°С.

Оңтүстік: Түнде -5...+3°С, күндіз +5...+12°С-тан +7...+15°С-қа дейін көтеріледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға Алтай қаласындағы Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта орын алған. 9 жасар бала жұқа...

Әлем

Индонезияның Бантен провинциясында кондитерлік фабрика өртеніп, 50-ге жуық қызметкердің қайда екені...