Көкшетау - Атбасар тасжолында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
607

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Қайғылы оқиға Көкшетау - Атбасар тасжолының 16-шақырымында болған. Салдарынан төрт бірдей адам көз жұмды,  деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Mini Cooper маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Audi маркалы көлікпен соқтығысқан. Audi жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында мерт болған.

Mini Cooper көлігінде отырған үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екі азамат әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуі хирургия бөліміне ауыстырылды.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Mini Cooper көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

"Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша шешім қабылданады", - деді Ақмола облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Аманжол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жеті ителгіні Қатарға заңсыз әкетпек болған үш адам жеті жылдан бас бостандығынан айырылды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...