Депутаттың күйеуінен жүкті болған қыз тағы да бала көтеріп қойған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
707

Депутаттың күйеуінен жүкті болған жасөспірім тағы да бала көтеріп қалған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жамбыл облысында қыз алғаш рет 12 жасында зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, аяғы ауырлаған. Оны 2022 жылы 55 жастағы ер адам жыныстық қатынасқа тартқан. Ол депутаттың күйеуі еді. Кейін оның қылмысы ашылып, 20 жылға сотталды.

Осыдан кейін қыз Тараздағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернатқа ауыстырылған. Дегенмен қыз екінші рет жүкті болып қалған.

Білім басқармасының мәліметінше, колледж студенті қысқы каникул кезінде жүкті болған. Дерек тиісті органдарға дереу хабарланған. Жасөспірімнің анасымен жауапкершілік мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Енді қызға академиялық демалыс беру мәселесі қаралып жатыр екен.