«Ұзақ күткен күн де туды»: Қайрат Нұртас жанұясымен жүрген видеосын жүктеді

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
570

Қазақстандық әртістер, ерлі-зайыпты Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукаримова серуен кезіндегі ортақ видеосын жариялады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Біраз уақыт бойы Қазақстан жұлдыздары бірге көпшілік алдына шықпаған еді. Тіпті, кейбір жанкүйерлер арасында Қайрат пен Жұлдыздың ажырасып кеткені, тіпті жақында туған қыздары әншінің баласы емес деген "сыбыстар" тараған болатын.

Әншінің Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада Қайрат Нұртас баланың арбасын итеріп келеді, қасында жары — актриса Жұлдыз Әбдукаримова жүр.

Видео жанкүйерлер арасында үлкен резонанс тудырды. Көпшілік жұптың ұзақ уақыттан кейін алғаш рет бірге көрінгенін атап өтті. Бұған дейін әлеуметтік желілерде олардың ажырасқаны және жаңа туған қыздың әкесі басқа болуы мүмкін деген көптеген қауесет тараған еді.

Пікір қалдырғандар арасында былай дегендер болды:
– «Біз бәріміз осы сәтті күткен едік. Бақытты болыңыздар!»
– «Ура, көптен күткен видео!»
– «Әрқашан бірге болыңыздар. Бақыт пен береке тілейміз!»

Жанкүйерлердің пікірінше, жұлдызды жұптың бұл ортақ видеосы — тараған барлық сыбыстар мен өсектерге жауап болғандай.