Дженнифер Лопес Алматыда концерт қояды

GLOBALLOOKPRESS.COM/IMAGO/JEFFREY MAYER

ЖАҢАЛЫҚТАР
338

Танымал америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес алдағы тамыз айында тек Астанада ғана емес, Алматы қаласында да жеке концерт беруі ықтимал, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы «Астана Концерт» ұйымының өкілі Мәлік Хасенов Qogam News бағдарламасында мәлімдеді.

Продюсердің айтуынша, қосымша кеш ұйымдастыру туралы келіссөздер аяқталуға жақын. Бұл бастама — алғашқы концертке қатысты техникалық қиындықтардан кейін, билет ала алмаған көрермендердің өтініштерін ескере отырып қолға алынған. Бұған дейін кейбір сатып алушылардың шотынан қаражат алынғанымен, билеттер берілмей қалған. Осы жағдайға байланысты Tiketon платформасы ақшаны қайтарып қана қоймай, үстеме өтемақы да төлеген.

– Мұндай жайттарда көрермендерге қолдау көрсету маңызды. Қазіргі таңда екінші концерт өткізу мәселесі шешілуге жақын, – дейді Мәлік Хасенов.

Дженнифер Лопестің Астана мен Алматыда өтетін концерт билеттері кері қайтарылмайды Дәл осындай шартпен ғана әншінің командасы екінші концерт өткізуге келіскен.

Еске сала кетсек, 1 тамызда Астанада өтетін негізгі концертке билеттер сату 11 сәуірде басталған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына жүйелі түрде қысым көрсетіп, тыныштығын бұзған азамат заң алдында жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана күніне байланысты қазақстандықтардың шілдедегі демалыс күндері белгілі болды, деп хабарлайды&...