Түркістанда келін 6 ай бойы енесін тонап, ақшаны құмар ойынына жұмсап келген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1173

Түркістанда полицейлер пәтер ұрлығы дерегі бойынша тосын жағдайға тап болды. Ұры пәтер иесінің келіні болып шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арыздана отырып, өз үйінен алтын бұйымдары мен қаражатының ұрланып жатқанын хабарлаған.

Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жәбірленушінің келінін де тергеген. Нәтижесінде енесінің бағалы бұйымдарын келіні қолды қылғаны анықталды. Ол биыл мамыр айынан бері үйден түрлі мөлшердегі алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны жасырын түрде ұрлап келген.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 8 500 000 теңгені құрады. Күдікті ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарына жұмсаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...