Дуровтың Қайыңды көліне шомылуы тексеріспен аяқталды (ВИДЕО)

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1144

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстандағы демалысынан видео жариялады, алайда оның жазбасы түрлі пікірлерге себеп болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бүл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Ресми Telegram-арнасында Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көлінен шығып келе жатқан сәтінен видео жариялаған.

«Жақсы шомылу болды», — деп жазды ол stories бөлімінде шыққан бейнероликке.

Белгілі болғандай, Көлсай көлдерінде шомылуға қатаң тыйым салынған. Осыған байланысты «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі Instagram парақшасында оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

«Көлсай көлдерінде шомылуға туристік маршруттың паспортына сәйкес қатаң тыйым салынғандықтан, бұл жағдай бойынша парк әкімшілігі тарапынан қызметтік тергеу басталды», — делінген ресми мәлімдемеде.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...