Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ресми хабарлама таратты

ЖАҢАЛЫҚТАР
2924

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 13 наурызында Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана қаласының маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды.

Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған.

Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысының уақытша шектеулері енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, - делінген хабарламада.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал блогер әрі спортшы Айтым Жақыпов Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін...

Шоу-бизнес

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы...