Дженнифер Лопестің екінші концерті үлкен мәселеге тап болды

Фото: turkystan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1816

Дженнифер Лопестің екінші концерті үлкен мәселеге тап болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Күні кеше әншінің 10 тамыз күні Алматының орталық стадионында концерт беретіні хабарланған еді. 

Алайда «Қайрат» футбол клубы аталған күннің клубпен келісілмегенін жеткізді. 

Мәлімдеуінше, бұл күндері «Қайрат» - «Жеңіс» ресми матчы өтеді деп жоспарланған. 

Сондай-ақ 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. 

«Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды», - делінген мәлімдемеде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...