Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдо...
Өртпен өздері алысып жатыр: Қарағанды облысында тұрғынның денесін 50% күйік шалды (ВИДЕО)
видеодан алынған скрин
Қарағанды облысында өрт өршіп, ауыл тұрғындары бірнеше күннен бері тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Жаңатоған (Бейбітшілік) ауылының маңында өрт өршіп тұр. Бұл туралы ауыл тұрғыны Керім Аянқызы Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Оның мәліметінше, ауыл тұрғындары бірнеше күннен бері өртті өз күштерімен сөндіруге тырысып жатыр. Тілсіз жаудың салдарынан бірнеше тұрғынның қыстағы мен қысқа дайындаған шөбі өртенген.
Өртті сөндіруге көмектескен ауыл тұрғындарының бірі ауыр жарақат алған. Автордың айтуынша, азаматтың денесінің 50 пайызы күйіп, ол ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта ауыл маңындағы өрттің жағдайы туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Посмотреть в Threads