Өз қолымен тұрғызған сарайға өзін көміп кетті: Атыраудағы трагедия құрбандарының жақындары мәлімдеме жасады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1384

Атырау облысы, Жангелдин ауданында орын алған отбасы трагедиясына қатысты марқұмдардың туысы мәлімдеме жасады, деп жазады MadeniPortal.kz Alash.kz сайтына сілтеп.

КТК телеарнасының тілшісі Жанат Молдашева оқиға орнына барып, құрбандарға құран бағыштап қайтты:

Жангелдин ауылындағы марқұмдарға құран бағыштай барғанмын. Қызметтен бөлек, адами міндет, мұсылмандық парыз. Өзегі өртеніп отырған ағайын-туыстың жанайқайын да тыңдадым. Елге, ауылдас, дос-жаран, қолдаушылардың барлығына алғыстарын білдіріп жатыр. Аңырап қалған ағайынның айтары көп.

Марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің қарындасы аға-жеңгесінің табылған жеріне барып, орны толмас өкініші туралы айтты:

Осы сарайдан тапты. Осы жерде жерленген. Кім ойлаған? Ең болмаса, өлтіріп басқа жерге көмсе… Өздерінің тұрғызған сарайына көміп кетіп тұр ғой… Өкінішті жағдай. Күйік болып қалып қойған. Осы сарайды еңбектеніп тұрғызып, осы сарайға шай ішіп, осы сарайға жататын еді. 60 жасына туған күніне келгенде, осы сарайға үстел жасады. Осы сарайға ағайынға дастархан жайды. Ақбаян екеуміз бүкіл тамағын жасап, жүгіріп жүрдік. Стяжканы ойып тұрып, көміп тұр ғой… Кім ойлаған?!

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...