Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хаба...
Айбек Нұғымаров екі дүркін «Қазақстан барысы» атанды
2019 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, жартылай финалға Айбек Нұғымаров (ШҚО), Айбат Сейтен (Нұр-Сұлтан), Руслан Әбдіразақов (Алматы) пен Ерасыл Қажыбаев (ШҚО) шыққан болатын.
Ерасыл Қажыбаев финалға барар жолда Айбат Сейтенді жеңсе, Айбек Нұғымаров Руслан Әбдіразақовтан айласын асырды. Турнирдің үшінші орнын Руслан Әбдіразақов иеленді. Айбат Сейтенмен өткен тартысты белдесуде алматылық балуан Айбат Сейтеннен басым түсті.
Ал финалдық белдесуде шығысқазақстандық қос балуан Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев нағыз тартысты өнер көрсетті. Алғашқы ұпайды Ерасыл алғанымен, белдесу басталғаннан кейін қателікке жол беріп, Айбек жартылай жеңіске жетті.
Тартысты сәттердің бірінде Ерасыл есепті теңестіруге жақын қалған еді. Ақыры, Айбек Нұғымаров таза жеңіп, екі дүркін «Қазақстан барысы» атанды Айта кетерлігі, Айбек Нұғымаров 2013 жылы да «Қазақстан барысы» атанған болатын. Айбекке 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етілді. ІІ және ІІІ орынға ие болған Ерасыл Қажыбаев пен Руслан Әбдіразақова 5 миллион және 1 миллион 800 мың теңге берілді. Сонымен қатар, палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.