“Масаң күйде бұзақылық жасаған”: Ақтау қаласының прокуроры Алматы әуежайында ұсталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1335

Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіров Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға ол демалыста жүргенде, Астанадан Алматыға ұшып келген кезде болды. 48 жастағы Ерболат Әбдіровті полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады. Прокурор масаң күйде бұзақылық жасағаны үшін құрықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау) бойынша хаттама толтырылды.

Ерболат Әбдіровтың прокуратура органдарында 20 жыл жұмыс істегені белгілі болды. Маңғыстау облысының прокуратурасы осы факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданатынын хабарлайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мауленова ү...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолдан...