Енді домбыра мен қобызды ұшақта алып жүруге болады

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
456

Қазақстанда әуе тасымалы ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Енді музыкалық аспаптарды алғаш рет ресми түрде ұшақ салонына қол жүгі ретінде алып өтуге рұқсат беріледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді. Қазіргі уақытта әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдаудың қолданыстағы нормаларына түзетулер әзірленіп жатыр. Бастамаға азаматтардан түскен көптеген өтініш негіз болған.

Жаңа талаптарға сәйкес, аспаптардың, соның ішінде домбыра мен қобыздың өлшемдері 110×35×30 сантиметрден, ал салмағы 10 келіден аспауы тиіс.

Егер аспап жолаушының жалғыз қол жүгі болса, оны тегін тасымалдауға болады. Ал белгіленген нормадан асқан жағдайда, қосымша орын үшін әуе компаниясының тарифі бойынша ақы төлеу қажет.

Бұған дейін музыкалық аспаптарды тасымалдаудың бірыңғай ережелері болмаған. Мұндай заттар багаж бен қол жүгіне қойылатын жалпы талаптар бойынша тасымалданып келген еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. С...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады M...