Енді жұмыс берушілер 110 мың теңгеден аз жалақы төлей алмайды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
266

Елімізде жұмыс берушілер 110 мың теңгеден аз жалақы төлей алмайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

2027 жылдан бастап жұмыс берушілер ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруге міндетті. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. 

Оның айтуынша, өзгеріс шамамен 1,8 млн адамға әсер етеді. 

Жалақы қорына түсетін қосымша жүктеме 426 млрд теңге болады. Алайда жұмыс берушілер корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде шамамен 68 млрд теңге үнемдей алады. 

«Ешкімді көндірмейді. Заң бойынша келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңге болуы міндетті», - деді вице-министр.

Айта кетейік, мемлекет басшысының қазан айындағы Жолдауында ең төменгі айлық 110 мың теңгеге көтерілгенін жазған болатынбыз.

Президенттің айтуынша, бұл шешім 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.

Осылайша 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 25 мың теңгеге немесе шамамен 29,4 пайызға ұлғаюы тиіс.