Ер адам әйелін балаларының көзінше өлтірді

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2654

Қарағандыда кәмелетке толмаған екі баланың көзінше бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ер адам сот талқылауы барысында кінәсін мойындады. Прокурор оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындауды және одан 30 миллион теңге көлемінде азаматтық талап-арыз өндіріп алуды сұрады.

Сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылды. Сонымен қатар орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде 14 жылға бас бостандығынан айырылутүріндегі жаза тағайындалды. Сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына 20 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілу міндеттелді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...