Күдікті құрықталды. Астанада әскери қызметкер 8 жасар қызды зорламақ болған

Фото: baigenews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2206

Астанадағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланы зорлауға әрекеттенген ер адам ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Әскери қызметкер кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 

«Қылмыстық іс қозғалды. Оқуда жүрген Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды», делінген хабарламада.

Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов те растады. 

«Қылмыстық іс қозғау фактісін растаймын. Қазіргі уақытта әскери қызметшілердің біріне қатысты жыныстық құқық бұзушылық жасау туралы қылмыстық іс тергелуде. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды», - деді ол. 

Санжар Әділов қажетті сараптама тағайындалғанын және тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Журналистер жағдайдың қалай болғаны туралы ашып айтуын сұрады. Бірақ сұрақ жауапсыз қалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...