Ер адамның пәтерінен қарындасының мәйіті табылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
170

Мәскеудің шығыс ауданында аса ауыр қылмыс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам туған қарындасын өлтіріп, кейін қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітін бөлшектеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, әйелдің дене бөліктері пәтерден табылған пакеттердің ішінен анықталған. Оқиғаға байланысты марқұмның туған ағасы күдікке ілініп, құқық қорғау органдары оны ұстады.

Тергеу барысында күдікті қарындасымен арада тұрмыстық жанжал болғанын және сол кезде оны өлтіргенін айтқан. Кейін ол мәйітті бөлшектеп, дене бөліктерін пакеттерге салып қойғанын мойындаған.

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Оған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмыстың нақты себептерін анықтап жатыр.

Аталған жантүршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желіде кірпі етін...