Есіл өзені тасып жатыр

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
258

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені тасып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, мұндай құбылыс қараша айында бұрын-соңды болмаған. Өзен суы Ғабит Мүсірепов ауданында орналасқан Бірлік және Нежинка ауылдарын жалғап тұрған шағын өткелді бұзып өткен.

Тұрғындар балама жол арқылы қатынап жатыр. Биыл Есіл деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жарты метрге жоғары. Мамандар бұны көктемгі тасқын кезінде жиналған су және жаз бойы толастамаған жаңбырдың әсерінен болғанын айтады.

«Қазір Сергеев су қоймасы да тасып жатыр. Деңгейі былтырғы жылдың қараша айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 75 сантиметрге жоғары. Гидрологиялық нысан 101 пайызға толып тұр. Ғабит Мүсірепов ауданында Есіл өзені бір аптада 7 сантимерге көтеріліп, тасып жатыр. Ешқандай қауіп жоқ екенін атап өткім келеді», - деді  «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Дәурен Қосшығұлов.

Заң

Астана қаласының тұрғыны әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы жалған мәлімет таратты...

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, бірақ нақты мекенжайлары құпияда, деп хабарлайды&nb...