"Ешқашан белдік тақпаймын": Алматыда жол ережелерін елемейтінін айтқан әйел жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
380

Алматыда әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережелерін әдейі бұзып, өзіне ешқандай жаза қолданылмайтынын мәлімдеген әйелге қатысты іс қозғалды. Тексеру барысында оның бұған дейін сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қызметкерлер әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін әйелдің жеке басын анықтап, оны тоқтатқан. Жазбада әйелдің көлік тізгінінде қауіпсіздік белдігін тақпай отырғаны және жол қозғалысы талаптарын сақтаудан ашық бас тартқаны көрінеді.

Видеода ол қауіпсіздік белдігін ешқашан тақпағанын және алдағы уақытта да тақпайтынын айтып, мұны өзінің жеке ісі санайтынын жеткізген. Сондай-ақ ешқандай жауапкершілікке тартылмайтынына сенімді екенін білдірген.  

Полиция тексерісі кезінде әйелдің бұған дейін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырғаны белгілі болды.

"Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын басқару құқығынан айырылғаннан кейін көлік жүргізу, қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын бұзу, сот шешімін орындамау және жалған ақпарат тарату деректері бойынша бірнеше әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды", – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар көлікті жүргізу құқығынан айырылған адамға басқаруға берген автокөлік иесі де жауапкершілікке тартылған.

“Полицияның ұстанымы айқын: заң алдында бәрі тең. Ешқандай таныстық та, байланыс та, орынсыз мәлімдеме де заң талаптарын бұзуға негіз бола алмайды. Өзін жауапкершіліктен тыс санап, заңды елемеу ешкімді жазадан босатпайды. Заң талабы баршаға ортақ”, – делінген хабарламада.

 

СПОРТ

UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде соққыға жығылған, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаскелеңде жартылай жалаңаш ер адам мектеп аумағына, кейін мектеп ғимаратына еш кедергісіз кіріп кет...