Ереже бұзған танымал блогер Айтым Жақыпов жауапқа тартылды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1010

Қазақстандық танымал блогер әрі спортшы Айтым Жақыпов Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде бұған дейін Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі бірнеше жол ережесін қатар бұзғаны түсірілген видео тараған. Жазба авторының айтуынша, оқиға Астанадағы Қарқаралы тасжолында, LRT желісі бойында болған.

Видеода жүргізуші жол жиегімен жүрген, жол белгілерінің талабын елемеген. Бұдан қалды, бұрылыс шамын қоспай маневр жасаған, апатты жағдай туғызған, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан.

Желі қолданушылары көліктің мемлекеттік нөмірі арқылы жүргізушінің Айтым Жақыпов екенін анықтаған. Кейін блогер көлікті өзі басқарғанын растады және көпшіліктен кешірім сұрады.

"Расымен қатты асықтым. Егер біреуге қолайсыздық тудырсам, шын жүректен кешірім сұраймын", – деп жазды ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...