Генадий Головкин Стив Роллсты жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Қазақстанды...
Футбол аңызы Роналдиньо Дубайда қазақстандық баланың тұсауын кесті
Фото: видеодан скриншот
Бразилия футболының аңызы, әлемге әйгілі Роналдиньо Дубайда қазақстандық отбасының қуанышына ортақтасып, кішкентай баланың тұсауын кесті. Футболшы қазақтың ұлттық дәстүріне қатысып, ерекше сәттің басты кейіпкеріне айналды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиғаның тарихы баланың туған күнінен басталған. Оның ата-анасы ұлының алдына танымал тұлғалардың суреттерін жайып қойған. Олардың арасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, АҚШ президенті Дональд Трамп, кәсіпкер Илон Маск, боксшы Майк Тайсон, Геннадий Головкин, футболшылар Лионель Месси мен Роналдиньоның суреттері болған.
Бала суреттердің ішінен Роналдиньоны таңдаған. Осылайша, отбасы кішкентайының таңдауын ерекше қабылдап, әйгілі футболшымен кездесу мүмкіндігін қарастырған.
Кейін қазақстандық отбасы Дубайда Роналдиньомен жүздескен. Кездесу барысында футболшы қазақтың тұсаукесер дәстүріне қатысып, баланың тұсауын кескен.
Айта кетейік, Роналдиньо – әлем футболының тарихында өзіндік орны бар танымал спортшылардың бірі. Ол Бразилия құрамасымен 2002 жылы әлем чемпионы атанып, 2005 жылы «Алтын доп» жүлдесін иеленген.