Әнші Рамазан Стамғазиев "таксист" болып жүр

Фото: instagram/ ramazan_stamgazy

ЖАҢАЛЫҚТАР
1645

Әнші Рамазан Стамғазиев "таксист" болып жүр. Бұл туралы Facebook қолданушысы жазған, деп хабарлайды Madeniportal.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиковтың сөзінше, оқиға Көктөбеде болған. 

-“Көктөбеге дейін жаяу шығайын дедім. Бірақ орта жолда шаршап қалдым. Қолымды көтеріп, такси тоқтатып едім, қымбат көлік тоқтады. Ішімнен “рақмет саған, мейірімді адам” дедім. Жүргізушінің де түрі таныс болып көрінді, бірақ есіме түсіре алмадым. Кейіннен достарым бұл Рамазан Стамғазиев екенін айтты. Көлікте отырғанымда кім екені есіме түспегені өкінішті. Себебі ол менің анамның сүйікті әншісі еді. Сол үшін әндері жиналған дисктерді жинап, кейбірін интернеттен жүктейтін кездерім де болған еді, дейді Кисиков. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық спортшы бір жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Гимнастшы...

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде со...