Бүгін Рейхстагқа 1945 жылғы 30 сәуірде бірінші болып Жеңіс туын тіккен қазақ офицері, Халық қаһарман...
Жаңаарқада жоғалған адамдар аман табылды
3498
14 наурызда Ұлытау облысы ТЖ Департаментінің күшімен (5 адам және 1 техника бірлігі) жеті азаматқа іздеу жұмысы жүргізілді. Олар 11 наурызда сағат 08:00-де Қызылжар кентінің оңтүстігінде орналасқан «Кабина» ш/қ бағытында екі автомашинамен мал іздеуге шығып, адасып кеткен.

Жоғалған адамдар «Олке» қыстағынан (Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінен 170 км) эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.
Азаматтар Қызылжар кентіне жеткізілді.