Тоқаев: Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – тарихи оқиға

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
142

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі тарихи оқиға екенін мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Біздің Ата заңымыз ауқымды қоғамдық-саяси өзгерістердің жаңа кезеңіне жол ашады. Осыған байланысты мен бірқатар құжаттарға, соның ішінде Құрылтайға сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қоямын. Соған сәйкес, саяси партиялар арасындағы бәсекелестік те күшейе түседі. Біз жасампаз ұлт ретінде бұл саяси науқанды да жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Алдағы сайлау ашық, адал әрі әділ саяси бәсекенің үлгісі болуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы – қоғамда жүзеге асып жатқан түбегейлі өзгерістердің басты қозғаушы күші.

«Еліміздің азаматтары мемлекетіміздің болашағына бейжай қарамайтынын және шешуші сәтте саналы таңдау жасай алатынын іс жүзінде дәлелдеп келеді. Мұндай қасиеттер жоғары жауапкершілігімен, берік бірлігімен, асқақ рухымен және бай мәдениетімен ерекшеленетін халықтарға ғана тән», – деп атап өтті Президент.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу – мемлекеттік маңызы бар істерге атсалысудың көрінісі.

«Осыған байланысты отандастарымыз алдағы сайлау науқанына барынша белсенді қатысады деп сенемін», – деп түйіндеді Президент.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық актер Олжас Абай актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы тек қаржылық мүддеге негізде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы медицина саласы бойынша да сөз қосты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. «Отанды...