Мешіт пен ғибадатхана салуға шектеу енгізілмек

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
579
Қырғызстанның Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 2021 жылдан бері ел аумағында бұрын салынған, бірақ ресми түрде тіркелмеген діни нысандарды есепке ала бастады. Соның нәтижесінде тіркеусіз жұмыс істеп келген 644 діни объект анықталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
 
2023 жылдың басында елде 200-ден астам жаңа діни нысанның құрылысы жүріп жатқан. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, жергілікті әкімдіктер мен өзін-өзі басқару органдарына осындай құрылысты аяқтауға жәрдем сұраған өтініштер күн сайын түсіп жатыр.
 

Діни нысандар халықтың нақты қажетін ескере отырып салынып жатқан жоқ. Бір ғана елді мекенде бір-біріне тым жақын орналасқан он шақты діни ғимарат жұмыс істеп тұр, – делінген ресми хабарламада.

 
Министрлер кабинеті енді діни ғимараттарды жобалау кезінде нақты нормаларды сақтауды ұсынды. Атап айтқанда: Ауылдық елдімекендерде – арақашықтық кемінде 2 шақырым болуы тиіс; Аудандық деңгейде – 3 шақырым; Қалаларда – 4 шақырымнан жақын болмауы керек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жолсерік пойызда баланың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Келес станциясында...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мас отағасы қызы мен зайыбын ұрып-соққан. Ал патрульдік тәртіп сақшылары келгенде пышақ а...