40 жастағы әйелге күйеуінің туысқандары зорлық жасаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1061

Үндістанда 40 жастағы жергілікті тұрғын күйеуінің әкесі мен басқа бір туысының зорлаған, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Олар қылмыстық әрекетін "оған бала сүюге көмектескіміз келді" деп түсіндірген.

Бұл туралы Oxu.Az жазды.

Әйел түсік тастағаннан кейін туыстарына қатысты полицияға шағым түсірген. Оның айтуынша, ол 2024 жылы тұрмысқа шығып, күйеуінің туыстарымен бірге тұратын үйіне көшіп барған. Ерлі-зайыптылар бала көтеруге талпынғанымен, ешқандай нәтиже болмаған. Медициналық тексеру кезінде күйеуіне сперматозоидтардың қозғалысы төмен деген диагноз қойылған. Осыдан кейін әйел экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасынан өткен, бірақ эмбрион жатырға бекімеген. Ол бала асырап алуға дайын болғанын айтқанымен, күйеуі мен оның отбасы бұған үзілді-кесілді қарсы шыққан.

Жәбірленушінің сөзінше, отбасыдағы бала мәселесіне байланысты жанжалдан біраз уақыт өткен соң, түнде қайын атасы бөлмесіне кіріп келіп, "ұлымның әулетті жалғастыруына көмектесемін" деп, оны зорлаған. Әйел бұл туралы күйеуіне айтқанда, ол болған жағдайды жасыруды бұйырып, егер айтса, интим суреттерін интернетке жүктейтінін айтып қорқытқан.

Осыдан кейін қайын атасы бірнеше рет түнде келіп жүрген, бірақ жүктілік болмаған. Кейін оны күйеуінің тағы бір туысы "алмастырған". Сол адаммен жақындасқаннан кейін әйел жүкті болғанымен, түсік тастап, полицияға жүгінген.

Алдын ала тергеуден кейін бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...