БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...
Каспий жағалауынан 200-ге жуық өлі итбалық табылды
Фото: әлеуметтік желі
907
Қызыл кітапқа енген жануарлардың өлекселері Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко мен Баутино маңынан табылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қазіргі мәлімет бойынша 191 итбалық тіркелді.
Оқиға орнында экологтар мен мамандар тексеру жүргізіп, теңіз суы мен жануарлардан сынама алған. Нәтижесі кейін белгілі болады.
Алдын ала болжам бойынша итбалықтар шамамен бір ай бұрын ашық теңізде қырылып, кейін күшті желмен жағалауға шығарылған.