Каспийдегі қаралы жағдайға қатысты комиссия құрамына кімдер жауапты екені айтылды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
740

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен құрылған комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. 

Комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ Шекара қызметінің өкілдері кірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді тапсырды.

Сонымен қатар комиссия қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауы керек. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық тасжолда көлік қозғалы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польшаның Краков қаласында болған атыс салдарынан адамдарды...