Жауынгерлік самбодан Еуропа чемпионы Максим Новоселов 2022 жылы наурызда Мәскеуде 18 жасар қыз...
Wildberries-тегі шабуылдар қазақстандық сатушыларға 1 миллиард теңгеден астам залал келтірді
Фото: әлеуметтік желі
163
Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсіпкер зардап шегіп, оларға 1 миллиард теңгеден астам материалдық залал келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қазіргі уақытта зардап шеккен сатушылардың толық тізімі мен нақты қаржылық шығын көлемі өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен, жергілікті атқарушы органдармен және салалық қауымдастықтармен бірлесіп анықталып жатыр.
Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің құқықтарын қорғау және өтемақы алу рәсімдерін жеделдету үшін мемлекетаралық байланыс тетіктерін пайдалануды ұсынып, ҚР Сауда және интеграция министрлігіне ресми сауал жолдады.