Жапаров Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
550

Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына байланысты Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жеделхатта Садыр Жапаров Мұхтар Шахановты тек бауырлас қазақ халқының ғана емес, күллі қырғыз жұртының да рухани тірегі, парасатты ұстазы болғанын атап өтті.

«Қырғыз қоғамы бүгін тағы бір биік шыңынан, рухани сүйенішінен айырылып отыр. Мұндай ұлы тұлғалар туралы «оның кетуімен тұтас бір дәуір аяқталды» деп айтылады. Шын мәнінде, Мұхтар ағаның өмірден өтуімен бүкіл түркі әлемі бір дәуірінен айырылды», – делінген жеделхатта.

Ақын, қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...