«Шындыққа жанаспайды»: СІМ Ресейдегі 14 қазақстандыққа қатысты ақпаратты жоққа шығарды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
201

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды MadenipPortal.kz.

Бұған дейін адвокат Мейірман Шекеев Ресейдегі қазақстандықтардың мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауына алынғанын мәлімдеген болатын.

Адвокаттың айтуынша, тиісті өтініштен кейін алғашқы 14 адамды бүгін Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізу жоспарланған.

Алайда Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлады.

«Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді», – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік қоғамды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды. Ведомство мұндай мәлімдемелердің жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларға кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

«Тексерілмеген мәліметтерді таратуға мүлдем жол берілмеуі тиіс. Мұндай ақпарат жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларды адастырады, негізсіз үміт тудырады», – деп мәлімдеді СІМ.

Осылайша, Ресейдегі 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы адвокат таратқан ақпарат ресми түрде расталмады.

Әзірге аталған азаматтардың жағдайына қатысты қосымша мәлімет жарияланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Коуч Роза Әшірбаева продюсер Гүлзира Айдарбекованың әлеуметтік желідегі жазбасына пікір білдіріп, қо...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысында ысталған балық жегеннен кейін ауыр халде ауруханаға түскен бала қайтыс болды. Де...