Астаналық екі тұрғын 37 адамды қажылыққа апарамыз деп, 60 млн теңгеге алдап кеткен

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
563

Астана прокуратурасының мәліметінше, екі тұрғын Instagram желісінде Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оларға 37 адам сеніп, қажылыққа бару үшін жалпы 60 млн теңге берген. Алайда уәде етілген сапарлар ұйымдастырылмаған. Ал күдіктілер жиналған қаражатты өз қажетіне жұмсаған.

Жәбірленушілер ақшаларын қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінген. Сот олардың талап-арыздарын қанағаттандырды.

Екі азамат та алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айрылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

 

 

PESTEL

Қытайдың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан...

СПОРТ

V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы қазір 12 алтын, 15 күміс және 20 қола медальмен жалпы есе...