Көкшетауда әйел адамды 26 млн теңгеге алдап кеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1244

Ақмолалық әйел өзін құқық қорғау органдарына көмектесіп жатырмын деп ойлап, алаяқтарға 23,6 миллион теңге аударып жіберген, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

BAQ.KZ мәліметінше, Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 58 жастағы Көкшетау тұрғыны телефон арқылы алаяқтардың құрбанына айналды.

Белгісіз ер адам әйелге хабарласып, өзін оның басшысы ретінде таныстырған. Ол Экономикалық тергеу департаментіне көмектесу керек екенін айтқан. Кейіннен әйелге өзін "құқық қорғау органдарының өкілімін" деп таныстырған адамдар хабарласып, оны заңсыз қаржылық әрекеттерге қатысы бар деп сендірген. Олар "қылмыстық схеманы анықтау үшін" бірлесіп жұмыс істеуді сұрап, әйелді алдап, бірнеше рет несие алып, депозитіндегі барлық ақшасын шығарып, барлығы 23,6 миллион теңгені олардың есепшоттарына аударуға көндірген.

Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтар жәбірленушіні психологиялық қысыммен қорқытып, ол заңсыз ұйымдарға көмектесті деген желеумен сенімге кіріп, оны бірлескен тергеу жұмысына қатысуға көндірген.

Зардап шеккен азаматша тек үш апта өткен соң, 27 маусымда құқық қорғау органдарына жүгінген. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ақша аударылған шоттардың иелері анықталуда.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...