Табиғи апаттан бір мезетте 16 адам тіл тартпай кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
808

Индонезияда нөсер жаңбыр салдарынан 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясында толассыз жауған нөсер жаңбырдан болған су тасқыны мен көшкіндерден кемінде 16 адам қаза тапты.

Билік өкілдерінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан жүздеген тұрғын үйді су ағызып әкеткен. Табиғи апаттарды басқару жөніндегі ұлттық агенттіктің хабарлауынша, бірнеше күнге созылған муссон жаңбырлары өзен жағалауларын шайып, балшық, тас және қоқыс араласқан су бірнеше елді мекенді басып қалған.

Төтенше жағдайлар агенттігінің өкілі Мухаридің айтуынша, апат салдарынан 600-ден астам адам үйлерін тастап, шіркеулер мен қоғамдық ғимараттарды паналауға мәжбүр болған.

Солтүстік Сулавесидегі іздеу-құтқару қызметінің өкілдері ауа райы жақсарып, су деңгейі төмендегеннен кейін 16 адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, тағы үш адам хабар-ошарсыз кеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ тілі беделді Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2026) алғаш рет ресми түрде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Өмірбекова әлеуметтік желіде ақынның дүниеден өтуіне байланысты ж...