ҰҚК мен ІІМ арнайы операция жүргізді

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
900

ҰҚК мен ІІМ арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қару-жарақты өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөлікті заңдастыру, сондай-ақ өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді.

Іс-шаралар Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында жүргізілді. Арнайы операция кезінде 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...