Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...
Қытай 6G желісін сынауды бастады
Қытайдың Xiaomi компаниясы 6G желісін сынақтан өткізбек. Мұны компанияның негізін қалаушысы әрі директоры Лэй Цзюнь(Lei Jun) хабарлады, деп жазды massaget.kz.
Цзюньнің сөзіне қарағанда, компания жаңа ұрпақ пен жаңа буынның байланыс жүйесіне айналар желіні зерттеп, қолданысқа енгізуді мақсат тұтуда. - Байланыстың алтыншы буынын дамыта отырып, бүкіл әлемді спутник арқылы ғаламтормен қамтуға болады. Қазір коронавирус пандемиясының тарауына байланысты біршама қиындық пен мәселе туындап жатқаны рас. Бірақ компания зерттеу жұмыстарын тоқтатпайды. 5G желісін көтеретін смарфондарды шығара береміз. Бұл қытай нарығын халықаралық экспанциядан қорғайды. Ал 4G желісімен жұмыс істейтін смартфондарды шығаруды тоқтатамыз, - дейді Лэй Цзюнь.
Компания басшысының ойынша, 5G желісі қазірдің өзінде адам өмірін жеңілдететін жаңалықтар әкелуде. Мәселен, 8К видео стриминг дамуда, видеоконференцияның жаңа типінің пайда болды, гейминг пен автономды көлік жүргізу адам танымастай да дамып кетті. Аустралия ғалымдарының есептеуінше, алтыншы байланыс желісі қосылған жағдайда, бір секундта бір терабит ақпаратты жүктеуге болатын мүмкіндік пайда болмақ.