Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалымдарды марапаттады, деп хабарлады MadeniPorta...
Көлік есігін ашып, пышақ сұққан: Астанада бұрынғы әйелін өлтірген күдікті іздестірілуде
коллаж MadeniPortal.kz
Астанда бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Қамиден Т. Е. бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен құқық қорғау органдарының іздеуінде жүр.
Тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға кеше кешке болған. Әйел көлігін тұраққа қойғаннан кейін ер адам автокөліктің есігін ашып, оған пышақ жарақаттарын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмғаны айтылады.
Қазіргі уақытта күдіктінің жүрген жері анықталып жатыр. Егер іздеудегі адамның қайда екенін білсеңіз, оны өз бетіңізше ұстауға әрекет жасамаған жөн. Ақпаратты полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлауға болады.
Әзірге оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Күдіктінің жеке басы мен қылмысқа қатысы туралы мәліметтер құқық қорғау органдары тарапынан ресми түрде расталуы тиіс.