Ер адам келінін зорламақ болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1897

Ташкент қаласында ер адам келініне жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болғаны үшін бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Янгихаёт ауданында болған. 49 жастағы ер адам ұлының отбасымен бірге бір үйде тұрған. Бір күні ол өз келініне қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болған.

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдіріп, мұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде берген.

Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 41-1-бабы (Жыныстық қолайсыздық көрсету) бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...