Тоқаев белгілі ғалымдарды марапаттады

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
575

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалымдарды марапаттады, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев шығыстану ғылымына қосқан елеулі үлестері және филология саласының қытайтану бағытын терең зерделеп, қазақ тарихына қатысты тың деректерді жинақтауға, мәдени құндылықтарымызды насихаттауға, екі ел арасындағы тарихи байланысты нығайтуға сіңірген айрықша еңбектері үшін Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлына ІІІ дәрежелі "Барыс" орденін, сондай-ақ, ғалым, филолог Айнұр Әбиденқызына "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын беру туралы жарлықтарға қол қойды.

Осы орайда Президент ғалымдарға құттықтау жеделхатын жолдап, бұл марапат олардың ұзақ жылғы іргелі ізденістері мен табанды еңбектерінің нәтижесі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы белгілі шығыстанушылардың отбасына бақ-береке және шығармашылық табыс тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...